Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  96


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Гүл тағдыры

Ақ гүл сырлы, қырдан бұлақ аңсар дүр,
Шіркін жасым жаңбыр болып тамса кіл.
Лаққан құйын дүйдаладан үйіріп
Қонақтайды - ау қойынына шаң тағы.
Қырға шықсаң жаңбыр тамбай, шаң қабар,
Сірә, бұған кім айыпты?
Бар ма амал?
Ой арқалап, ойда жүрсекте ойсырап,
Су іздесең біздің анау маңға бар.
Сен Гүлсің ғой,
Гүл қашанда аңсар қыр,
(Қонып саған сірә нелер ән сап жүр)...
Көрік тарта бергеніңде жайқалып,
Әттең, әттең семдіреді - ау шаң тағдыр?!
Таса тағдыр тамырымды еміп тұр,
Маған ең бір батылдықты сен ұқтыр.
Шаң - тозаңға жегізгенше сәніңді,
Үрлей салып,
Үзіп алғым келіп тұр...



19 қаңтар 2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу