Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  80


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Алты шегіңнен айналдым, гитар...

Алты шегіңнен айналдым, гитар,
Мен – саған,
Сен – маған айналдың, гитар.
Өзіңмен қанша той бардым – гитар,
«Толғап өзіңді ойландым – гитар».
Жалқы сен – сазда, жалқы сезімдей,
Алты жол – мен де, алты шегіңдей.
Жаман мен жақсы парқы сезілмей,
Жанымның жүрсе нарқы сезілмей,
Бунаса бұғау, созылса құрықтар –
Жанымда сонда өзіңсің – гитар.
Куәсі талай жайлардың – гитар,
Шаттығым, қанат жайған мұң – гитар!
Мен – саған,
Сен – маған айналдың, гитар!
Алты шегіңнен айналдым, гитар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу