Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  84


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сездің бе сезгір, сезімім...

Сездің бе сезгір, сезімім,
Мезгілді мезгіл сынайды.
Бездің бе безгір, без ұғым,
Безбеншіл көп те сұлайды.
Қайғысын ғасыр бөлісіп,
Жарғысын жауы ту еткен.
Ағалармен де көрісіп,
Шөл көңілімді ну еткем.
Жазмыштан озмыш жоқ, сірә.
Ең батыр соңы – мен мақұл.
Қызыл түлкі оқсырар,
Айласы қырық, кем бе ақыл?!
Арылар енді мендіктен,
Тағдыр – ит тістеген кеуде.
Бақ-бақ қой бақыт жел күткен,
Жалғанды түстегендерге.
Миы сәл істегендерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу