Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  77


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Тән қойнындағы жан ойыны...

Тән қойнындағы жан ойыны,
Уы тәтті шараптай.
Шаманның жамағайыны,
Қимыл қандай... шабақтай.
Аяқ-қол да, қолы-аяқ,
Ұршық, не жылан ыршып.
Өмір оты қамамай-ақ,
Буланады сабыр-шық.
Көргендейсің самала қол,
Үндістің би құдайын,
Салып алып санаңа жол,
Еркіңді алар лайым.
Тән қойнындағы жан ойыны,
Ойын емес-ау, өр биік.
Қаламассың қалай оны,
Өр биіктегі өркиік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу