Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  85


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Кім көрмеген отыз үш бұл, отыз үш..

Кім көрмеген отыз үш бұл, отыз үш,
Үзіп алған отыз үш гүл өмірім.
Мен тұсаған отыз үш құс-шоқығыш,
Үзе алмаған отыз үш гүл өкініш,
Кім көрмеген отыз үш бұл отыз үш.
Жас қой әлі, мас қой әні... көргенбіз,
Алыс жатыр жаз шіркінді жеңген күз.
Жүректерді ауыртамыз, емдерміз,
Үздім бір гүл – өкінбе үйге енген қыз.
Кімге ұқсармыз белгілі ғой, ірікпейік,
Алсақ егер сақал қойып, мұрт қойып.
Ұмсынғандар, тылсымдардан үрікпейік,
Отыр-ау деп, тағдыр қақпан құрып қойып.
Заман мынау үріккен аңдай жосығыш,
Бір шығарың осы биік, осы күш.
Ол тілесе балыңа у қосып іш,
От болар, не, жоқ болар бұл отыз үш.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу