Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  61


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Тірлік – кебін, туа орандым....

Тірлік – кебін, туа орандым,
Тәніммен бір шіриді.
Пендесі едік бір аралдың,
Тең түспепті нұр игі.
Сен ханшадай өмір сүрдің,
Бақыт улап тәніңді.
Мен өтінде обыр сынның,
Ұқтым қабақ бағуды.
Көктемгі күн шуағындай,
Жыр бұйырмай жабығам.
Шөл даланың құланындай,
Ұстатпаған жалынан.
Сен – ханша, мен – ғашық құл,
Көңілде жүр көп алаң,
Сен – күн, шықсаң шашып нұр,
Мен мұңлы ай боп жоғалам.
Тірлік – кебін, туа орандым,
Тәніммен бір шіриді.
Пендесі едік бір аралдың,
Тең түспепті нұр игі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу