Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  72


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Қараңғы зымыстан түнде...

Қараңғы зымыстан түнде,
Қорқыныш алып ырқымды.
Күтемін шығыстан кімді?!
Ең соңғы жағып шырпымды.
Ең соңғы шырпы жанып тұр,
Ол бітсе үміт кесілді.
Түн баспалап бағып тұр,
Әзірейіл секілді.
Жанды ұзақ шырпы бағыма,
Айналдырма, кет, өлім!
Жайып тұр жүрек маңына,
Жарықтық қымбат екенін.
Құрбандық па бұл мықты?
Еске алам да, таңданам.
Саусағым екен тірлікті,
Келесі таңға жалғаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу