Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  69


Автор: Ермұрат Зейіпхан

МҰСТАФА МҰРАТЫ

Көк бөрі емізіп,
Көк тәңір жебеген.
Көк түрік ұрпағы,
Ұранды ұл, ерен Ер!
Тұранның жазығын жайлады ел
Егемен.
Күмбезде қыранын –
Күнменен теңеген!..
Дауылдың өтінен табылып несібем,
Елім деп еңіреп,
Алысқа кетіп ем!
Еркіндік жолында тас-түйін бекіген,
Әкелер өтіпті шығармай есінен!..
Жанымды, тәнімді анама қидым да,
Атаға ұқсап ем,
Далаға сыйдым ба?!
Өмірдің қалғанын өзіңе сыйладым,
Өзіңнен алыста
Жасымды тыйдым да...
Тілеумен туған ел, тәуелсіз күніңді-ай,
Арманда кеттім мен,
Жанарым жұмылмай!..
Ұрпағым бүгінгі ести ме үнімді,
Өтсе екен мәңгілік көк туың
жығылмай!
Емесін жұрт білер жүректе мұңым жай,
Жас жаным шырқырап ұшарда
шыбындай.
Соны ойлап жанарым, кетті-ау,
жұмылмай.
Көк туың тұрса екен желбіреп,
Жығылмай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу