Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  77


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жортқандардың қарашы жортақтаған...

Жортқандардың қарашы жортақтаған,
Қорқытқандарың мына енді қорқақтаған.
Сөз саптаған жаңылып сөз таппаған,
Жел қақпаған әз дене-ай, бөз қаптаған.
Сайма-сай ма, кешегің, аусай бүгін,
Балын ішкен тағдырдың таусайды уын.
Тас шайнаған адыра қалса-ай күнің,
Аласұрып қаныңды аңсайды кім.
Дәу пірім деп, қалқисаң әупірім деп,
Қастастарың қарсы алар ақырын кеп,
Қанды басын бері тарт батырым деп,
Жау күлімдеп, жаныңды дау тұр індеп.
Желбуаздар, дәурендер, алыпқашты-айбат,
Жабы ойнақтап, жамандар
жалықпас тойлап.
Торға түскен тулайды қайтпас қайрат,
Серіппесін қақпанның қарш-қарш шайнап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу