Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  85


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сүйеумен шыңнан асасыңдар да...

Сүйеумен шыңнан асасыңдар да,
Әлдеріңнен асасыңдар.
Даңғаза «әнге» басасыңдар да,
Пәк көңілді басасыңдар.
Дүние ісі дүниеде екен,
Ойламайсыңдар мұны неге?!
Сайрайды қарға үйіне бөтен,
Бұлбұлдың үні оны деме.
Алып-ұшып жеткен көңілдің,
Тауаны қайтты-ау, неткен өмір.
Бауырым сен – не көрдің, не білдің?
Күйді ғой пейіл текке небір.
«Бай-байға» деген, «сай-сайға» деген,
Біледі қазақ, бұл ғажап.
Қызғанар киіз жауса кедейден,
Сонысы жанды тұр қажап.
Сүйеумен шыңнан асасыңдар да,
Әлдеріңнен асасыңдар.
Даңғаза «әнге» басасыңдар да,
Пәк көңілді басасыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу