Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  73


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бір жүргім келмейді...

Бір жүргім келмейді,
Бүлдіргім келмейді.
Білдіргім келмейді,
Күлдіргім келмейді.
Алдағым келмейді,
Арбағым келмейді,
Қаужағым келмейді,
Болжағым келмейді.
Мақтағым келмейді,
Даттағым келмейді,
Таптағым келмейді,
Ақтағым келмейді,
Іздегім келмейді,
Көздегім келмейді,
Төз дегім келмейді,
Келмеген келмейді.
Бәрібір келмейді!
Көнбеген көнбейді,
Бәрібір көнбейді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу