Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  66


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Алқымдап жаны жатқан денені...

Алқымдап жаны жатқан денені,
Айқара құшып ақ таң келеді.
Алмас қылыш, ақтаңгер еді,
Адырна аңырап атқан жебе еді,
Аңсағанын тапқан жөн еді,
Арманға жетіп батқан жөн еді.
Сүлдерін сүйреп қозғалады енді,
Соңынан кесір көз жаза берді,
Сусыды, түсіп бөз қала берді,
Сұрықсыз түнді боз дала жеңді.
Суынған қаны қоздана берді,
Сұп-сұлу таңы наздана берді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу