Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  88


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жалғанда жалшы ма деме...

Жалғанда жалшы ма деме,
Жалғанға жаншы ма де.
Арманға малшыла деме,
Арманға – қамшыла де.
Жалғанда желкелер деме,
Жалғанға еркелер де.
Арманда дерт емер деме,
Арманға өртенер де.
Жалғанда қор болар деме,
Жалғанға төр болар де.
Арманда сор болар деме,
Арманға нұр болар де.
Жалғанда жалғансың деме,
Жалғанға жан-жарсың де.
Арманда жалығарсың деме,
Арманға жалғансын де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу