Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  78


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бөбек жүрек, бүлдiршiн сезiмiңмен...

Бөбек жүрек, бүлдiршiн сезiмiңмен,
Не тiледiң, бiлмеймiн, не берейiн?
Iз-тозы жоқ ғайыптың өзiмiн мен,
Елемегiн, мен сенi елемейiн.
Бөбек арман, бүлдiршiн қиялыңмен,
Не болжадың, бiлмеймiн, тiлерiң не?
Маңын шолар жан емен ұяның мен,
Жапанда татар дәмiм, iлерiм де.
Бөбек бейне, бүлдiршiн мүсiнiңмен,
Кiсi бiрден елiгер нұр шашасың.
Сұлулардың баспасы мысы бiрден,
Ағарып кетпес те едi-ау, мұнша шашым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу