Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  87


Автор: Ермұрат Зейіпхан

От пен мұзға...

От пен мұзға,
Шарап пен қызға
Сенi салдым – жүрегiм!
Ақымақтарға да,
Бетпақтарға да,
Сенi салдым – жүрегiм!
Шорқақтағанда,
Жол таппағанда
Сенi салдым – жүрегiм!
Аң – өткенге,
Қасiреттерге
Сенi салдым – жүрегiм
Салдым, салдым – бәрiне,
Қалғанына менi салғын – Жүрегiм!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу