Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  82


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Әмiрiн жел жүргiзбес – Адуынкер!

Әмiрiн жел жүргiзбес – Адуынкер!
Алымымды ел бiледi, арынымды ел.
Домбырама iшек бір, тиек сайла,
Емiнiңдер, сонан соң егiлiңдер.
Айтпа деймiн құр ақыл, далбасаны!
Жалқы жаным әлеммен арбасады.
Сыбырына тәңiрiнiң сыр қосатын,
Бiр сәт ойым рухпен алмасады.
Жарасар серiлерге үлде-бүлде,
Осыны жадың болса түй де, бiл де,
Жарқыратып маңайын қойыңдар да,
Елiтiп отырыңдар күй-көңiлге.
Дүние тарылар ма әсердi ұрлап,
Түсiн, бауырым, осылай десем бiр уақ.
Бұлбұлға қажетi жоқ ақыл айтып,
Бұлбұлға – қажетi жем, әсем гүл-бақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу