Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  50


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Елжiрегiңдi

Елжiрегiңдi,
Жер жүрегiңдi,
Өбуге құштар
Жел жiбегiңдi –
Күнесім, сағындым!
Тәттi шырынды,
Шақпы, суыңды,
Бұлттардан биiк,
Тақты шыңыңды,
Күнесiм, сағындым.
Түн жұлдызыңды,
Күн, гүл, қызыңды,
Бұла көктемiңдi,
Қыс, жаз, күзiңдi,
Күнесiм, сағындым.
Үмiт байрағым,
Биiк тауларым,
Бабама ұқсаса,
Иықты аумағым,
Күнесiм, сағындым.
Оғыланыңды,
Қорығаныңды,
Емiренетiн –
Омырауыңды,
Күнесiм, сағындым.
Жүдеуiм менiң,
Тiлеуiм менiң,
Жалғанда жалғыз
Бiреуiм менiң,
Күнесiм, сағындым.
Аһ, жалғаның-ай!
Байланғаным-ай!
Әл-дәрмен қайда,
Барма амалым-ай...
Күнесiм, сағындым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу