Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  138


Автор: Толқын Қабылша

СЕНІҢ БАРЫҢ ӘЛЕМДЕ

Айтып қайтем, сөз керім.
Мейлі, кейде күмілжісін көзде мұң.
Қандай ғажап?
сенің барың әлемде,
Қандай ғажап?
тынысыңды сезгенім.
Қарашыққа жас тұнса да,
іркілген.
Бір күрсініс сезілсе де, күлкімнен
Қандай ғажап?
Жалғыз сенің тілегің
Үндескені жүректегі тылсыммен.
Алауласақ, айтылмаған сөздерден.
Айыптымыз,
болсақ бүгін өзгерген.
Алай-дүлей мінезіңе көнуге,
Алып-ұшқан сәттерімде сөз бергем.
Айтпасаң да,
маған арнап сөз керім.
Мейлі, кейде, айыптасын көздерің.
Қандай ғажап,
сенің барың әлемде.
Қандай ғажап,
тынысыңды сезгенім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу