Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  113


Автор: Толқын Қабылша

ӨМІР ҒОЙ…

Күнәсіздеу қалпым ба осы, кінәлі?
Кірпияздау жаным ба?
Ұға алмадым мұны әлі.
Көкжиек деп сонау көктің мұнарын,
Қолым создым сағымға.
Бақыт күтіп, баянсыздау үміттен,
Басымды идім, аңдаусыз.
Қаскөйге де көзім тікпей күдікпен,
Қараушы едім күліп мен,
Көңіл неткен алғаусыз?
Ұға алмадым,
бар мұңымның себебін.
Көңілімнің шерін де.
Қапияда табылардай керегім,
Өшірмедім өткен күннің дерегін,
Шық түсірмей сенімге.
Болмысымнан базынасыз безініп,
Баз кешсем де қанша ай, күн.
Қаяу салған кездер болып тез ұмыт,
Қалатындай кезігіп,
Сол бақытты сәттерімді аңсаймын.
Көңіл ғой…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу