Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  66


Автор: Толқын Қабылша

ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛЕНАСЫНА

(Әнші Елена Әбдіқалықоваға)
Кеудеңе көктемді түнетіп,
Кербездеу ғұмырды мұң етіп,
Күн сайын ән болып төгіліп ғаламға,
Кескінің тамшы боп жанарда,
Күркіреп жасындай көктегі,
Кіршіксіз жауындай бөктері
Келесің жырыңмен, кестелеп әлемді,
Келесің үніңмен, үйретіп мәнерді
Көркіңде өмір бар ұққанға,
Кейде сен нәзіксің, гүлдегі шықтан да.
Кейбіреу көре алмай асқақтау даңқыңды,
Кейбіреу сезе алмай биіктеу парқыңды,
Күн кешіп келесің, өлеңге айналып,
Күн кешіп келесің, әуенге байланып...
Күрсініп кірпияз таңдарда,
Күлімдеп кіршіксіз жандарға,
Көзіңнен тереңдік сездіріп қадірін,
Кей күні тәнті етіп Әннің де Тәңірін,
Күн сайын әуен боп төгіліп ғаламға,
Күн сайын тамшы боп жанарда
Әніңмен емдеші бейдауа әлемді,
Әніңмен тербетші бар елді.
Жасай бер, ӘН-АПА!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу