Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  129


Автор: Толқын Қабылша

«АЛЛАҒА ЖҮРШІ БАС ҰРЫП»

Тербетіп тәтті ой-арман.
Нұрына таңның тамсанып, бүгін, оянғам,
Тамылжып тұрып, тәнті еткен таңның шапағы,
Тәңірлік тылсым түстерге екен боялған.
Боялған десем, таңғалма!
Қылқалам болып тәңір тұр сонау заңғарда..
Келбетін күннің көкжиегіңе көшіріп..
Ұсынған үміт таңдарға…
Таңғалма жаным,
Осынау сырға ғажайып.
Мейірім біткен бара жатқанда азайып,
Жанарға тұнған жылулығымен тәңірдің,
Ғұмырлық өлең жазайық!
Жасқанба, көңіл!
Жаныңның нұрын жасырып.
Таныта көрме асылық.
Адамның бәрін ақ ниетіңмен сүй дейтін,
Аллаға жүрші, бас ұрып.
Ғұмыр есімді,
ғаламат мынау түндіктен.
Сығалап тұр ғой, сәулесін шашып нұр біткен.
Азан үнімен тәңірдің салған тәтті әнін,
Тағатсыздана түн күткен.
Ұсынатындай таң көрік,
Тәңірдің нұры,
Тамылжи түссін ән болып.
Жаратқан ием, жарылқап жатыр жер жүзін
Жақсылықтарға жан беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу