Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  84


Автор: Толқын Қабылша

Жер мен көктің арасында сезім жүр...

Жер мен көктің арасында сезім жүр,
Қозғаушысы Хақ тәңір.
Сәулесінен сығалайды төзім-нұр,
Төзім болса,
Шығады екен тасқа гүл.
Жер мен көктің арасында өлең жүр,
Өрнек іздеп аспаннан.
Айдынында сол аспанның кемем жүр,
Ғарыш кемем,
Енді мен де, жасқанбан.
Жер мен көктің арасында арман бар,
Нұрға малған қанатын.
Сол қанатқа, мендік арман жалғанған,
Біздер құсқа айналғанда,
Артымызда аңыз болып қалатын.
Қорқынышсыз енді, маған қара түн.
Құс жолым бар,
Қиялымды бағатын.
Әуенім бар, көк аспанда салатын,
Өлеңім бар, өрнек салған өмірден.
Менің – алып қанатым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу