Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  135


Автор: Толқын Қабылша

Жүрегімді мекен етіп ізгілік...

Жүрегімді мекен етіп ізгілік.
Жанарымнан төгіледі мейірім.
Жүздеріңнен көрем ылғи ізгі үміт,
Мынау бақпен кереғар ғой кей ұғым.
Көп күйбеңнен кірбің тартса қабағым,
Күңгірт үйді жарық еткен күлкісі.
Бәсі бөлек, бұл бақыттың бағамын,
Тілмен айтып жеткізе алмас мың кісі.
Сендер барда әлденені армандап,
Әлдекімге кейігенім – күпірлік,
Өздеріңсіз дүние құнсыз,
жалған-бақ,
Өн бойымды толқытады шүкірлік.
Сендерсіңдер, ең қызықты ертегім,
Жапырағы әз жанымның жайқалған,
Қуанышым, қоңыр қозым, тентегім
Көздерінен тәңір нұры байқалған.
Жүрегімді мекен етіп ізгі үміт.
Жанарымнан төгіледі мейірім.
Жүздеріңнен көрем ылғи ізгі үміт,
Мынау бақпен шын кереғар кей ұғым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу