Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  70


Автор: Толқын Қабылша

Келемін кезіп жер бетін...

Келемін кезіп жер бетін.
Сағымдай арбап,
Қол бұлғап сенің келбетің.
Мұнартып тұрған тұманға көзсіз ұмтылам
Пендедей бейбақ, ең жетім
Қалтарыстарда көлеңке болып тоңған жан,
Күншуағына кенде тым.
Сезсе деп жалғыз бір Адам.
Торыққан сәтте,
Таңнан да медет сұрағам.
Тағатсыз түнде сырымды айға сыбырлап,
Бейнеңді мұңнан құрағам.
Тұп-тұнық көздің ішіне сосын жасырып,
Аршып алғанмын күнәдан.
Жаңбырдай тырс-тырс жылаған.
Жүректі талай,
баянсыз баққа бұлағам.
Кеудеме басып, қол жетпес қиял елесті,
Ып-ыстық жасқа шылағам..
Қарашықтағы мөп-мөлдір тамшы өзіңсің,
Көзімнен сырғып құлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу