Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  89


Автор: Толқын Қабылша

БӘРІНЕН ДЕ ҚАЖЫДЫМ...

Сенесіз бе?
Бәрінен де қажыдым,
ештеңеге зауқым жоқ.
– Өмір дерсіз,
бұлбұлдарға ән үйретсе әупілдек.
Ал, мен болсам,
арманымды ұрлаттым…
– Содан, бәлкім, көздеріңде жарқыл жоқ!
Дәл осылай,
өз-өзіммен тілдесіп.
Тағы тұрмын, суық айна алдында.
(Ол сұқтанбас қарашыққа сыр бүгіп.)
«Өзіңде ғой, өзіңде ғой бар кінә» –
Мысқылдайды,
мүсіркейді бір күдік.
– Жо-жоқ,
Мен өмірге іңкәр ем,
Ақ жарылып айналама сыр айтқан.
Бір сезімге адал болдым, жазығым!
– Ізгіліктен безінген бе, мына әлем?
қайда, сенің наз үнің,
Мына өмірге ессіз, шексіз құмартқан.
Солай еді…
Ал, бүгінде, өлең де емес сырласым.
Мынау шерлі кеудемдегі,
сезім – ғайып, мұң басым.
(Ееең ауыры, сенімімді жоғалттым.)
Сорлы жүрек,
қалай, қайтіп жырласын?
P.S.:
Айнадағы келбетімнен безіндім.
Сенбеген жан, табар ма енді мұңдасын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу