Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  71


Автор: Толқын Қабылша

БІР ҒАЛАМАТ ЖҮРЕГІМДЕ

Тәрк ете алмай,
Теперішін көп мұңның.
Дей алмаймын,
аз налыдым, көп күлдім.
Жауынынан жаурағанда тағдырдың,
Жасырындым жүрегіне шоқ гүлдің.
Жыр тәңірдің сезіндім бе қуатын?
Өлеңімде сезім кештім сұрапыл.
Ғұмырымның әр мезетін сүйдім мен,
Секундтары сағыныштан тұратын.
Тәңірімнен тілей алмай басқа арман,
Сүйсем-дағы,
сыр айтуға жасқанғам.
Күн секілді жырақтардан өптім мен,
Бақыт құшып, алқаракөк аспаннан.
Бір ғаламат жүрегімде,
Ұғындым.
Әлі де сол,
Дей алмаймын, суындым.
Әлі де сол,
армандарға сенемін.
Ғанибеті бәлкім, солай ғұмырдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу