Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  69


Автор: Толқын Қабылша

СЕЗІМНЕН КІМДЕР, СІРӘ БАҚЫТ ҚҰШҚАН?

Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні,
Сезімнен кімдер,
сірә бақыт құшқан?
Күзетіп жын тығылған құмыраны,
Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан.
Кім білген әділеттің бар өлшемін,
Кім әлсіз?
Кімдер биік? Кім қуатты?
Жанымның кессем-дағы әр бөлшегін,
Жауабын айта алмаспын бұл сұрақтың.
Сүйгеннің бола бермес ессіз бәрі,
Сүймеген адамдардың мұңы бөлек.
Күн кешсем,
ғайып болып көзсіз халім,
Күн кешсем жалғыз сенің тұнығың боп.
Астасқан сендік сонау биікпенен,
Ақылдың келер ме екен жүрекке әлі?
Періште тілегіңді сүйіп келем,
Перінің айтылған соң түнекте әні.
Кім білген әділеттің бар өлшемін?
Кім әлсіз?
Кімдер биік? Кім қуатты?
Жанымның кессем-дағы әр бөлшегін,
Жауабын айта алмаспын бұл сұрақтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу