Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  72


Автор: Толқын Қабылша

НЕГЕ?

Сен күліп ашатындай есігімді,
Сен келіп тербейтіндей бесігімді.
Неге осы елеңдеймін әр күн сайын?
Неліктен күбірлеймін есіміңді?
Келсе де, сенен қанша жырақтағым,
Жадымнан кетпей сені ұнатқаным.
Алапат күй кештірген әлемімде,
Тек сенің көздеріңе тұрақтадым.
Алыстап кете де алмай,
жақын болмай.
Сүюге, елжіреуге хақым болмай.
Күнәлі періштедей күйіп жанған,
Күн кешу дейсің бе әлде ақынға оңай?
Өзге жан сүйсе-дағы есіміңді,
Өзге жан тербесе де бесігіңді.
Мен неге, алаңдаймын өзіңді ойлап?
Мен неге, бола берем кешірімді?
Неге?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу