Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  69


Автор: Толқын Қабылша

ӨМІРДІ МЫНА «ӨЗІҢ» ДЕП ҚАНА ҰҒЫНАМ

Сендегі мұңды жан бар ма мендей ұнатқан?
Сəттерің қымбат, сүйінген, сүйген, жылатқан.
Жалғыз-ақ сөзбен жанымның гүлін жұбатқан.
Самалым болған жырақтан.
Қол бұлғап кетсем,
күтетін мені қыраттан.
Мендегі мұңды, жан бар ма сендей сезінген?
Жалқы жырымды жазмыштан кейде безінген.
Жанайқайымды ұғатын сенсің көзімнен.
Жұмбаққа толы,
толғауы тоқсан тірлікте.
Ғажап қой өмір,
өзіңді ойлап көз ілген…
Ғұмырдың сырын,
Жан бар ма біздей ұғынған?
Жаңбырлы күнде,
Тамшы боп, мұңға жуынған.
Сəттер туғанда,
Тағдырдан үркіп, суынған.
Қорғайтын сенсің,
Сұғанақ пейіл сұғынан.
Төтеп беретін, бұрқасын, нөсер, дауылға,
Өмірді мына «өзің» деп қана ұғынам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу