Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  64


Автор: Толқын Қабылша

МЕН КЕЙДЕ ҰҚСАП КЕТЕМ ЖАРЫҚ КҮНГЕ

Мен кейде ұқсап кетем жарық күнге,
Сүйер болсам, сүйемін жанып мүлде.
Мынау жақсы, жаман деп алаламай,
Жанымды жайып салам, самаладай.
Шұғыласы сарқылмас келбетіммен,
Іздеймін бе, бір шуақ жер бетінен.
Жанның бәрін «жақын» деп сенемін де,
Күйіп-жанып күн кешем өлеңімде.
Аңсарымды түн ұрлап кеткенде де,
Аяулыма бір мезет кектенбегем.
Күлімдеген дәл осы кескініммен,
Қиянатқа қимадым ешкімді мен.
Кінәліні кешіріп, күнәні де,
Күн боп сүйіп өтемін, бес күнді мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу