Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  87


Автор: Толқын Қабылша

БІР САҒЫНЫШ МӨЛТІЛДЕЙДІ ҰДАЙЫ

Ұнатқаның,
ұнатқаным бекер ме?
Сағынғаның, сабылғаным күмəнді.
Үнсіздіктің қадіріне жетердей,
Сендік жүрек,
Мендік көңіл шыдамды…
Сергелдеңін кімдер ұққан сезімнің?!
Сүйінгенің, сүйсінгенім
шынайы!
Тамшысындай таңғажайып төзімнің,
Бір сағыныш мөлтілдейді ұдайы.
Еншісіндей сонау ерке күндердің,
Езуімде жымияды бір елес.
Сол елесті шын ұнатып үлгердім,
Жатырқауың,
жабырқауым түк емес!
Ғұмыр бəлкім,
жұмбағымен жазалы?!
Қателік пе?
тіл қатқаның басында.
Жазылмаған жырларымның ғажабы,
Ұнамауым мүмкін еді,
Расында…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу