Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  80


Автор: Толқын Қабылша

БАҚЫТ КЕЙДЕ ҚАС-ҚАҒЫМ

Жазмышымда –
жұмбағы жүр көктемнің.
Жанарымда жалғыз тамшы – өткен күн.
Жан сырымды өзіңізден жасырып,
Жалт еткен сәт, жарығыммен өбкенмін.
Жан шуағын, солай, үнсіз төккенмін.
Дидарымда күннің нұры, өкпем – мұң.
Күрсінгенде, көк аспанды қалқалап,
(Күнге айналып ғұмыр кешу – неткен мұң?)
Есіңде ме,
Үнсіз кешкен шақта мұң?
Сонау көктен бір шырақты жаққаным?
Күн кейпіммен мен ойладым бақ қамын,
Түн қойнында сен де алқа тақпадың.
Жылдар сырғып,
Алақайлап ақ таңың.
Таттың бәлкім,
менсіз ғажап бақ дәмін?!
Әлде мендік іңкәрлікке құштар боп,
Ойлайсың ба?
аласарып асқарың?
Күлімдеуші ем,
Бүгін мен де басқамын.
Күн кейпімді қалай қиып, жасқадың?
Көздерім боп шуақ төкпес аспаның.
Білмеуші ме ең?
Бақыт кейде қас-қағым.
Неге, біздер ойлап кеттік бас қамын?
Тағдыр бізден тапты ма екен, басқа мін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу