Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  86


Автор: Толқын Қабылша

ҒҰМЫР КЕШ!

Жұлдыз көп,
түн қойнында жымыңдаған.
Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған.
Мен – Күнмін,
Жүрегі – нұр, тәні – шуақ.
Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған.
Жанымнан жылу сезсең,
шырайланған.
Мен емес,
күн кейпім ол – ұнай қалған.
Түнменен қабыспайтын тағдырымның.
Еншісін ертең менен сұрайды Аллам.
Жарыққа бөлесін деп бұл ғаламды,
Жүректі Тәңір өзі нұрға малды.
Түн кейпін жатырқайтын болмысыммен,
Күн кешем,
ынтызар боп жырға мәңгі.
Жан бір күн кететіні анық болып,
Ғалам тұр,
Бар сырыма қанық болып.
Күнге ұқсап, сәуле шашып үлгерейін,
Ғұмыр кеш,
кеудемдегі жарық болып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу