Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  60


Автор: Толқын Қабылша

СЕН ТҰРАТЫН АУЫЛ

Бір ғаламат бар секілді,
Сен тұратын ауылда.
Сол өлкеде күн де нұрлы,
Ғажап, тіптен, дауыл да.
Аспан сүйген тауларында,
Мен құшпаған тылсым бар.
Алаукеуім таңдарында,
Тәңірімдей бір сыр бар.
Мен ынтызар сол мекенде,
Ізгілік бар, үміт бар.
Сен тұратын сол көшеден,
(Мен кезіксем күліп сәл)
Сезімімнен тым тұңғиық,
Бұл та ашылып, түнерген
Кескінімнен күн жымиып,
Келін болып жүрер ме ем?!
Ардақтаумен ауылыңды,
Ақ жаулықты тастамай,
Қадір тұтып қауымыңды,
Күн кешер ме ем, басқалай?
Ақын да емес, асыл да емес,
Жарың болып ең ізгі.
Жарық күннің еншісіндей,
(Өмірге әкеп сегізді)…
Жазмышымның жұмбағы мың,
Жұмбақ және кесімі.
Бұл күндері ол ауылдың,
Сағыныш шын есімі.
Мен жақпаған шырағыңды,
Ғұмыр жақты маздатып.
Тағдыр бізді тоғыстырды,
Аңсар құшып аз уақыт.
Баз кешсем де,
базары көп,
байлық, бақтың бәрінен
Сені туған сол өлкені, сүйіп келем әлі мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу