Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  74


Автор: Толқын Қабылша

ҒҰМЫР ҒОЙ...

Елес те қалған жоқ, өрліктен.
Ғұмыр ғой,
көнгенбіз, көндіккем.
Күз болып, қол бұлғап қалғансың,
Бақытқа айналмай мен күткен.
Болсақ та, бейуақта безінген,
Көктемдей кінәсіз сезіммен.
Күн бейнем аңсатып жүр ме әлі?
Қимастық көремін көзіңнен.
Қимастық көремін жаныңнан,
Кездер-ай, сарғайған, сағынған.
Сол күзден көктемге жол таппай,
Үргедек үміт жүр сабылған.
Жанарда іркіліп жаңа шық,
Жырақтан сөйлейді қарашық.
Тамшы мұң толқытқан тағдырдың.
Толқыны барады жар асып,
Серт беріп, бола алман, сендік мен,
Ғұмыр бұл –
біз көнген, көндіккен.
Жыр болып құшарсың жанымды
Бақыт сол – сен сүйген, мен күткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу