Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  106


Автор: Толқын Қабылша

СҮЙЕДІ ЕКЕМ...

Сүйеді екем, сүйеді екем Тәңірім!
Сөндірмепсің, сөнбепті әлі жарығым.
Сүймеймін деп безінгенмен өзімнен,
Сүйген сәттің әр мезеті тағылым.
Нәзіктікпен өрілген бе тамырым?
Тәндегі нұр, әдеп-иба танымым.
Қимастығым көк аспанда күрсінсе,
Жаңбырдағы сағынышта сабырым.
Сүйген сәтте болса-дағы дертім көп,
Бір құдірет көздерімде мөлтілдеп,
Жауын болып төгілемін тылсымға,
Сүйеді екем, мұнан өзге сертім жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу