Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  75


Автор: Толқын Қабылша

ӨМІР, СЕНІҢ ӘР СӘТІҢЕ СҮЙЕНЕМ!

Іңкәрлікке толы мына кеудені,
Жабырқатпас,
енді келіп бөтен үн.
Ең бақытты әйел менмін жердегі,
Анау ғарыш – менің самғар мекенім.
Енді мені жылата алмас ешкім де.
Күмбір толы көңілімнің күйі ерен.
Бар қадірін –
ұғындырған кеш мүлде,
Өмір, сенің әр сәтіңе сүйенем.
Сүйемін мен,
Мұқата алмас өзге ешкім.
Жігерімді өмір сенсің жаныған.
Қанша арманмен қапияда кездестім,
Келбетімнен кісілікті таныған.
Көз жасымен келген кім бар мәреге?
Жеңіс менің өмірімнің әр күні...
Жұбатуға асықпасын және де ел.
Жасып қалсам,
ол да жазмыш жарлығы.
Өлең болмыс,
өзгешелеу жаным нұр.
Бақыттының нақ өзіндей қалыбым,
Самғап жүрмін,
сан қиынды ұмытып,
Бойымдағы қандай қуат Тәңірім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу