👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  47


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

МЕНІ ҰМЫТ ДЕЙСІҢ, ЕРКЕ ҚЫЗ...

(Құралайға)
«Мені ұмыт!», – дейсің...
Ерке қыз!
«Ұмытты ғой», – деп жүрсің бе?
Бәрін де алдап өтерміз...
Жүректі алдау мүмкін бе?
Ұмытпақ болып саусақтар –
Бұрымды қанша тарады!
Мен сүйген қыздар сол шақта –
Өзің боп күліп қараады!
Шарапқа улап өзімді,
Тығылдым топыр кештерге...
У ішіп келген сезімді,
Уатсын қалай...
Еш пенде!
Төкпесем сыр қып от жырды...
Жанымда мұңды –
Білсін кім?
Өзіңе сыйлар шоқ гүлді,
Жат қызға сыйлап...
Күрсіндім!
Сен жайлы жүрек жыр етті!
Арнасам жатқа асыл ән!
Өзіңнен қалған суретті,
Өзімнен ұрлап...
Жасырам!
Ұйқыда...
Түстің сиын ап,
Бақытқа жанды батырып...
Достардан қарыз тиын ап,
Киноға жүрем шақырып!..
«Мені ұмыт!», – дейсің, ерке қыз!
«Ұмытты ғой...», – деп,
Жүрсің бе?
Бәрін де алдап кетерміз,
Жүректі алдау мүмкін бе?


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы