Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  59


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ШОҚПАР

Еменнен жонған шоқпарды,
От көсер көсеу – дедің бе?
Тай мінбей жатып ноқталы,
Жетесіз өскен ез мүлде!
Есікке неге тастадың,
Қаранар ердің қаруын?
Қу қарыннан басқаның,
Байыбын білмес ,бауырым!
Сонау бір жатқан боз дала,
Бозторғайы ұшқан бозаңнан.
Күн туса басқа азғана,
Боздап бір құшар...
Өз АНАҢ!
Сен сонан сұра сенбесең,
Кеудеңде болса жалының.
Кектеніп туған ер көсем,
Ардақтар ата қаруын!
Есебін білген бар ма жан,
Қанша жау қашты далаңнан?
Соның да бәрін ер бабаң,
Шоқпармен шоқтап сабаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу