Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  80


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

АСПАН АСТЫ КЕҢ ШЫҒАР ЕКУМІЗГЕ

Аспан асты кең шығар екеумізге...
Кеңістікке жұтылып кетерміз де,
Жастығымыз жаһут қой жарқылдаған,
Бес-онды күн алданып өтерміз де...
Еншісі осы –
Тағдырдың екеумізге...
Қазір менде:
Жау да жоқ, жақын да жоқ!
Бақыт үшін керек пе,
Ақынға көп?
Маған арнап құйылған қорғасын оқ,
Көк мылтықтан күркіреп атылған жоқ!
Атылмас деп,
Алданар хақым да жоқ...
Бұлт көшті...
Түнерді түн теңіз боп,
Сол теңізде –
Шөлдедім бір сені іздеп...
Қарлығаштай айналып, қалқам, сонда,
Қанатыңмен қайрылып,
Су сеуіп өт!
Теңіз суы тым ащы,
Тұз-соры көп...
Тағдырды айтып қайтемізДіні қатты!
Көңіл жүйрік –
Қоя бер жүйрік атты!..
Мейлі улансын өмірім...
Сен уатпа!
Бәрінен махаббаттың уы тәтті!
Көңіл жүйрік...
Қоя бер жүйрік атты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу