Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  738


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ЕСКЕ АЛУ

Өтсе де қанша жыл әлі,
Ұмытқан жоқпын оны мен.
Жастыққа жауып кінәні,
Айрылуға да көніп ем...
Қоштасып тұрып сенімен.
Көктемде көкек сұңқылдап,
Сарғалдақ қанша сарғайды...
Сағынған жүрек тыншымды ап,
Бұлыттай құшып тауларды,
Боздамай мейірім қанбайды!
Өзімді-өзім сан алдап,
Жас сұлу құшу бір арман!..
Қызғалдақ қырлар алаулап,
Қырларға шықсам ұялған.
Сол қызды менен сұраудан!
Айта алмай мен де қызарғам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу