Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  62


Автор: Әуезхан Қодар

Сүкімсіздеу сусыннан шөл де мың артық...

Сүкімсіздеу сусыннан шөл де мың артық...
Аспан түстес ауадан бөлме мұнартып,
Жетелейді ойларға ауадай нәзік,
Айналған соң әруаққа сау адам азып.
Жасыл көзді бұтақтар қылтиып көкке,
Майысқанда, айта көр бұлтиып, өкпе.
Тау үстінен созылса түтілген түбіт,
Тағдырына сүйсініп, түтілгенді ұмыт.
Терезеден көре алсаң жәй небір маза,
Терезесің сен де бір әйнегі таза.
Аспан түстес болса егер ақыл-болжамың,
Заты ғажап бір күшке жақын болғаның.
Қарайсың да тұрасың, самал өпкесін,
Көңіл-көкті кеткенше самолет кесіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу