Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  676


Автор: Сәруар Қамаева

САРБАЗДАРЫМ

Сарбаздарым – Отан-ана қорғаны,
Сарбаздарым – сайын дала орманы.
Өздеріңмен жалғасады әрдайым
Ер-жауынгер бабалардың арманы.
Қайырмасы:
Сарбаздарым, алға!
Қатарыңнан қалма!
Ал туыңды қолға!
Отаныңды қорға, қорға!
Сарбаздарым, жиналыңдар бір сапқа,
Тыныштығын туған елдің, тұр, сақта.
Сендер - елдің жүрегі де тірегі,
Адалдықпен қызмет етіп сыр сақта.
Қайырмасы.
Сарбаздарым, бейбітшілік - ұраның,
Сарбаздарым - қос қанатты қыраным.
Ата-баба аманаты қалдырған -
Қазақстан – байтақ дала тұрағың.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу