Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  721


Автор: Сәруар Қамаева

ТӘУЕЛСІЗДІК - ҰРАНЫМ

Тәуелсіз елім, тәуелсіз көлім-өзенім,
Тәуелсіз далам, тауларым биік, сеземін.
Тәуелсіз тілім – сайраған бейне бұлбұлым,
Тәуелсіз күнім, жайнаған көкте тұр бүгін.
Қайырмасы:
Тәуелсіздігім -
Ұраным айтар - азаттық.
Тәуелсіз бүгін
Даласы байтақ қазақтың.
Тәуелсіз көгім, көгілдір туым асқақтап,
Тәуелсіз бүгін, жырымды жаңа бастатпақ.
Тәуелсіздігім – атадан қалған аманат,
Тәуелсіздіктің даңғылын келем аралап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу