Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  132


Автор: Сәруар Қамаева

АБАЙДЫҢ АУЫЛЫНАН ҚҰДА КЕЛДІ

(Кеңес атамыздың немересі Нүрия ұзатылғанда оқылған өлең)
Абайдың ауылынан құда келді
Бетке алып Астанадай құба белді.
Қазақтың ұлы ақыны туған жерге
Қыз бермей қалың қыпшақ тұра ма енді?
Абайдың ауылынан құда келді,
Ат басын біздің жаққа бұра келді.
Ұл туған Шәкәрімдей дүйім жұртқа
Қыз бермей Біржан елі тұра ма енді?
Абайдың ауылынан құда келді,
Мән-жайын ата-баба сұрама енді.
Мұхтардай ғалым туған маңғаздарға
Қыз бермей Ақан елі тұра ма енді?
Абайдың ауылынан құда келді,
Сырға сап, салт-дәстүрін қыла берді.
Бұрынғы бабалардың жолы осы деп,
Суырылып шешендері шыға келді.
Абайдың ауылынан құда келді,
Оза алмай төрге күйеу тұра берді.
Аттауға ұлы елдің босағасын,
Буыпты Нүрия қыз қына белді.
Абайдың ауылынан құда келді,
Көңілім құда күтпей тына ма енді?
Ұшырып аққу құсты алақаннан,
Алдында өлең оқып тұрам енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу