👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  91


Автор: Сәруар Қамаева

ЕЛУ ЖАСҚА

Жарты ғасыр
Ғұмырдың жартысы ма?
Бүтіні ме,
Бұл әлде жалпысы ма?
Өткен елу
Өмірдің белесі ме?
Биігі ме,
Өтпелі елесі ме?
Асқан жасым
Көңілдің тасуы ма?
Асуы ма,
Жабырқап, жасуы ма?
Асығуда,
Сағаттар асығуда,
Жүрегімнің
Лүпілін асыруда.
Ілесе алмай
Қала ма зымыранға?
Күресе алмай
Құлай ма шыңырауға?!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы