Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  75


Автор: Сәруар Қамаева

ӨТКЕНГЕ ОЙ КӨЗIМЕН...

Ұмыттық уақыт өтiп жан жарасын,
Ұғындық тағдыр адам талғамасын.
Өткендi шолып кейде ой көзiмен,
Өмiрдiң ғажабына таңғаласың.
Дегенмен, өмiр қызық, өмiр ғажап,
Тартады бiрде шаттық, бiрде азап.
Өмiрдiң кереметi, мiне, осында,
Қайғы мен қуаныштың арасы аз-ақ.
Өмiр осы – бiрде мұң, бiрде бақыт,
Аялдамай артқыға өтер уақыт.
Өмiр осы – көздi ашып-жұмғаныңша,
Ойладым жол үстiнде келе жатып.
Өткенге ой-таразы салайын да,
Iлеспей ұлы көшке қалайын ба?
Тұңғиық, терең сырды толғадым да,
Бiр өлең жазып кеттiм ағайынға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу