👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  35


Автор: Сәруар Қамаева

ҚОНАҒЫМА

Жар басында тұрса да жарты лашық,
Көңiлi ортаймаған, жаны жасып.
Кеңқолтық, қонақжайлық қасиеттен
Қазақтың тұрар дәйiм мерейi асып.
Қонаққа қам жасадым асып-сасып,
Қиялды қанаттанған қойдым басып.
Ежелгi ата-баба дәстүрi едi
Күтетiн кез келгенді есiк ашып.
"Үйiңде кiсi бар ма бөтен қара?" -
Деп сұрар кездескенде екеуара.
Ақ ниет, адал дәмнен аттамаған
Батыр да, бабалар да небiр дана.
Дұшпанын тапсыратын дәм-тұзына,
Досқа да ұсынылар ас-су мына.
Алдыңа ас, екi қолды бос қоямын,
Қонағым, көп отырып, аз күн сына.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы