Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  97


Автор: Сәруар Қамаева

ДӘСТҮРЛЕРI ҚАЗАҚТЫҢ

Ата-бабам тойламаған туған күн,
Кiндiк кесiп, жөргек көйлек жуған күн
«Шiлдехана» аталыпты,
«Бесiк той» -
Бөбегiнiң белiн бекем буған күн.
«Тұсаукесер» - қаз тұрғаны баланың,
Жалғасындай дәстүрлi салт-сананың,
Сүндет тойда ат мiнгiзiп ұлына,
Қыранындай баулығаны даланың.
Он үш пенен жиырма бестiң арасы,
Бал дәуренiң жастық шақпен жарасып,
Сырғып өткен сағаттармен санасып,
Бара жатыр отыз жастан әрi асып.
Өткен күнге ой түйiнiн салғайсың,
Асыл сөзден ақыл, ғибрат алғайсың.
«Отызыңда, - дейдi, - орда бұзбасаң,
Қырық жаста қырға шыға алмайсың".


Жас қосылып, өзгередi санамыз,
Егделiкке шеру тартып барамыз.
Қимасақ та, қош айтысып амалсыз,
Керуенге қол бұлғаймыз, қаламыз.
Жылдар жылжып, ай айналмай тұра ма?
Зырлап уақыт, кейiн мойын бұра ма?
Құрбыларды бастаңғыға шақырып,
Туыстарға тарту керек сыбаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу