Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  91


Автор: Сәруар Қамаева

АНА ТIЛIМ

Ана тiлiм – бұл менiң бала күнiм,
Тыңдаған әлдилеген анам үнiн.
Ұстаздың алдына алғаш барған кезiм,
Шәкiрт боп, мектебiмнен алған бiлiм.
Ана тiлiм – бұл менiң балалығым,
Анама тарту еткен дала гүлiн.
Туғаннан, тiлiм, сенiң сырыңды ұғып,
Халқымның сенен бiлдiм даналығын.
Ана тiлiм - бұл менiң күш-қуатым,
Жыр жолдарым көкейiмде тұнатын.
Iзгi тiлек, асыл мұрат, ой-арман
Осы тiлмен айтылатын, туатын.
Ана тiлiм – менiң мөлдiр бұлағым,
Жүрегiмдi жарып шыққан жыр-ағын.
Ана тiлiм – бесiк жыры анамның,
Ана тiлiм – атамекен, тұрағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу